The Global Language of Business
KK

темекі өнімдері

темекі өнімдері

 

Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау және бақылау бойынша пилоттық жоба басталды


2018 жылдың 1 қазанында темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі - жоба) басталды, деп ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа енгізілімнің мақсаты-тауардың өндірушіден және импорттаушыдан соңғы тұтынушыға дейін қаптамаға сандық сәйкестендіру кодын енгізу арқылы қадағалануын іске асыру.

Жобаны енгізу өндірушілерге жосықсыз бәсекелестіктен қорғауды, сондай-ақ тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді сатып алудан қорғауды қамтамасыз етеді.

"Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 862 бұйрығына сәйкес жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар және жобаны өткізу мерзімдері бекітілді, сондай - ақ "ХТТ АЖ-темекі өнімдерін таңбалау және бақылау ақпараттық жүйесі"ақпараттық жүйесі әзірленді.

Темекі өнімдерінің қаптамасын таңбалауға енгізілетін ақпарат құрамына GS1, Data Matrix және GS1-128 стандарттарына сәйкес генерацияланатын штрих код, GTIN сәйкестендіру кілті және GS1 жаһандық стандартын қолдану сәйкестендіргіштері кіреді.

 

Жобаға қатысушылар:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) - темекі өнімдерінің таңбалануын және қадағалануын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган;

Темекі бұйымдарының айналыс субъектілері - темекі бұйымдарын өндірушілер, көтерме сауда ұйымдары, бөлшек сауда ұйымдары, пилоттық жобаға өз еркімен қатысуға тілек білдірген импорттаушылар;

"Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы - "МТТ АЖ - темекі өнімдерін таңбалау және бақылау ақпараттық жүйесі" әзірлеуші және әкімшісі.

Жобаны іске асыру мерзімі: өндірушілер үшін 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 31 наурызға дейін; импорттаушылар үшін 2019 жылғы 10 ақпаннан бастап 2019 жылғы 30 сәуірге дейін.

Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы

Cookie файлы на сайте

Мы используем файлы куки, чтобы пользоваться сайтом было удобно